Алматыдағы Бостандық ауданы тұрғындары уақытша газсыз қалды

Сурет: pixabay
Алматының Бостандық ауданында жабдықты апатқа қарсы қорғаудың іске қосылуына байланысты тұрғын үйлер газдан ажыратылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚазТрансГаз Аймақ" акционерлік қоғамы апаттық-диспетчерлік қызметіне бұл туралы ақпарат 30 наурызда сағат 19:45-те түскен. Қазір Орбита 1,2,3 және 4-шағынауданның тұрғындары уақытша газсыз қалды. 
"Мамандар апат орнына барып, жедел шаралар қабылдады, оның ішінде газ тарату пункттеріндегі арматураларының кіру және шығу бекітулерін жауып, қорғасын пломбасымен пломбалады". "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ
Қауіпсіздік техникасының талаптарына сәйкес, түнгі уақытта жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмейді, осыған байланысты бұл ертең, 2023 жылғы 31 наурызда сағат 09:00-де басталады.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды

Қазақстанда футбол қақпаларына қойылатын қауіпсіздік талаптары күшейтілді