Алматы – Шанхай ынтымақтастық ұйымының мәдени және туристік астанасы

Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің министрлері 2023-2024 жылдарға ұйымның мәдени және туристік астанасы ретінде Алматыны бекіту туралы ұсынысты қолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, Асхат Оралов Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы елдердің мәдениет министрлерінің кеңесіне қатысты. Онлайн-кездесуге Үндістан, ҚХР, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Ресей және Пәкістан өкілдері де қатысты.

Министрдің міндетін атқарушы Асхат Оралов Алматыға ШЫҰ-ның 2023-2024 жылдарға мәдени және туристік астанасы мәртебесін беру туралы мәселені көтерді.
"Мен Кейн мырзаға және барлық қатысушыға біздің бастамамызды қолдағаны үшін алғыс айтамын. Бүгінгі таңда біз Алматыда 14 іс-шараны көздейтін жоспар әзірледік. Бұл халықаралық туристік және мәдени фестивальдар, сонымен бірге марафондар. Қазақстанның ШЫҰ-на төрағалығы да ауқымды мәдени бағдарламамен сүйемелденеді. ШЫҰ елдерімен барлық салада, оның ішінде туризм бағыты бойынша да ынтымақтастықты дамыту мен нығайтудың оң серпіні байқалады. Алматының мәдени және туристік астана ретінде бекітілуі туризм саласындағы көрсеткіштерді жақсартады. Баршаңызды Қазақстанға келіп, еліміздің көрікті жерлерімен және мәдениет саласындағы жұмысымыздың нәтижелерімен танысуға шақырамын". Асхат Оралов
Қазақстан 2023 жылдың шілдесінен 2024 жылдың шілдесіне дейін Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық етеді.
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: