Түркістан облысында марокколық шегіртке қаптады

Сурет: pixabay
Түркістан облысында марокколық шегіртке дернәсілдерінің пайда болғаны анықталды. Бұл туралы ауылшаруашылығы министрлігі хабарлады.

Аймаққа пестицидтер толығымен жеткізіліп, алдағы күндері өңдеу шараларын бастау жоспарланып отыр. Өзге өңірлерде жерді химиялық өңдеу жұмыстары шегірткелердің таралу ошағы анықталған кезде басталады.

Жалпы биыл шегірткемен күреске республикалық бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Мамандардың болжамынша, зиянкес 1,6 млн гектардай аумаққа таралуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv. 

Бүгінде 385 мың гектардан астам пестицидтер қоры бар. Әкімдіктермен бірлесіп өңірлерде жедел штабтар құрылған. Өңдеу жұмыстарына арнайы техника мен әуе көліктері жұмылдырылады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев

Жамбыл облысында "Жамбылым-жер жаннатым" атты үздік эссе байқауы өтті

Қырғызстан Қазақстанға шекарадағы жер телімдерін айырбастауды ұсынды