"Жаңбыр жауады". Синоптиктер 6 сәуірге арналған ауа райы болжамымен бөлісті

Сурет: Zakon.kz
Синоптиктер 2023 жылдың 6 сәуіріне арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ақпаратына сүйенсек, еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасады. 

Синоптиктердің болжамынша, тек еліміздің оңтүстігінде атмосфералық  фронтальды бөліктердің  өтуіне байланысты жаңбыр жауады, таулы аймақтарда найзағай ойнап, жауын сіркірейді. 

Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында да қатты жаңбыр жауады. Алматы облысының таулы аудандарында, Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында- 2-4°С аяз болады.

Астанада - күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде: 0°С, күндіз: +18+20°С.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, кешке қарай аздаған жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан соққан желдің екпіні 3-8 м/с, күндіз 13 м/с құрайды. Ауа температурасы түнде: +5 + 7°С, күндіз: + 17 + 19°С.

Шымкентте - көшпелі бұлт жүреді, арасында аздап жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 8-13 м/с, найзағай кезінде 15-20 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде: + 6 + 8°С, күндіз: + 15 + 17°С.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін