Халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Ресейден Қазақстанға экстрадицияланды

Сурет: polisia.kz
Халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы Астана тұрғыны Қазақстанға экстрадицияланды. Ер адам 2018 жылдан бастап ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмысты жасағаны үшін іздеуде болған, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

2015 жылғы қарашада Астанадағы Жеңіс даңғылында ол сканерленген пультті пайдаланып, Toyota Camry көлігін ұрлап кеткен. Сот шешімімен айыпталушы 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Ер адам Ресей Федерациясының аумағында жасырынып, Қазақстанда оған іздеу жарияланған. Сонымен қатар көрші мемлекеттің аумағында болған кезде қазақстандық азамат ұрлық жасап, сотты болған және Тула облысының аумағындағы түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан.

Ол Қазақстан Республикасына экстрадицияланып, қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның жаңа Сыртқы істер министрі тағайындалды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді