Шымкентте автобус 6 адамды қағып кетті: зардап шеккендердің жағдайы қалай

Сурет: polisia.kz
Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қарсы жолаққа шығып кетті, салдарынан төрт адам мерт болды, тағы екеуі аруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға кеше, 8 сәуірде 18:30 шамасында болған.

"Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан 6 адамды қағып кеткен. Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында және кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада жатыр".

Шымкент полиция департаментінің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалған. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Otyrar.kz-тің хабарлауынша, жол апатынан кейін Шымкент клиникалық ауруханасына жеткізілген 2005 жылғы тұрғынның жағдайы орташа ауыр. Ол нейрохирургия бөлімшесінде жатыр.

Оқиға орнына барған 4-жедел жәрдем бригадасы зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек беріп, науқастарды жақын маңдағы ауруханаларға жеткізген.

Нақтырақ айтқанда, зардап шеккендер облыстық балалар ауруханасына, перинаталдық орталыққа және қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды