Атыраулық дәрігерлер науқастан 15 келі ісікті алды

Сурет: видео скрині
Атырау облыстық онкологиялық диспансерінде кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешевпен онкодиспансер бірлесіп, күрделі ота жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Науқастың диагнозы - ретроперитонеум саркомасы. Ортаңғы лапаротомия деп аталатын ота кезінде үлкен 15 келі болатын ісік алынды.

Анастомоздарды қою арқылы сыртқы мықын артериясы мен сол жақта несепағардың төменгі үштен бір бөлігін резекциялау арқылы алып ретроперитонеальды ісіктер алып тасталды.

Отаны Атырау облыстық онкологиялық диспансері хирургия бөлімінің меңгерушісі Мақсат Шамшенов және Атырау облыстық кардиоорталықтың қан тамырлар хирургі Ерлан Мадешев жасады.

Ассистенттер Мерей Қазғалиев, Мақсат Туғанбаев және Мейрамгүл Игібаева. Анестезиолог Алиакбар Имаматдинов болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды