Шымкенттегі жол апаты: қаза тапқандар саны 5 адам болды

Сурет: polisia.kz
Шымкентте 6 адамды автобус қағып кеткен оқиғадан опат болғандар саны 5 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға салдарынан 6 адам зардап шеккен еді. Оның үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Ал 3 тұрғын жағдайының ауырлығына байланысты жедел жәрдем қызметімен жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілген.
Соның ішінде облыстық балалар ауруханасы мен перинаталдық орталыққа жеткізілген екі науқас ауыр жарақаты салдарынан көз жұмды. 
Шымкент денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қалалық клиникалық ауруханасына жатқызылған 2005 жылғы қыздың жағдайы қалыпты. 

Еске салайық, кеше, 8 сәуір кешкі сағат 18:30 шамасында Шымкенттегі "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі