Жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Фото: unsplash
Алматы қаласының Іле Алатауы тауларында (Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) жел күшейеді, күндіз екпіні 18–23 м/с болады.
Алматы облысында да жел күшейеді: күндіз орталықта, шығыста және таулы аймақтарда екпіні 18–23 м/с. Қонаев қаласында күндіз жел екпіні 18 м/с дейін жетеді.
Ұлытау облысында түнде батыс, солтүстік және орталықта кей жерлерде қатты жаңбыр, дауылды жел күтіледі. Күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Жел 15–20 м/с, ал кей жерлерде 25 м/с дейін күшейеді. Жезқазғанда да жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі, жел екпіні 23 м/с дейін жетеді.
Қарағанды облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Қарағанды қаласында да дәл осындай құбылыстар күтіледі.
Ақмола облысының Көкшетау қаласында түнде кей жерлерде қатты жауын-шашын, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел болады. Жел 15–20 м/с.
Қызылорда облысында түнде жаңбыр, найзағай және дауылды жел күтіледі. Орталықта, солтүстікте және оңтүстікте шаңды дауыл болады. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Қызылорда қаласында да түнде жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл күтіледі.
Маңғыстау облысында түнде және таңертең тұман түседі. Жел солтүстік пен шығыста 15–20 м/с болады. Ақтауда да түнде және таңертең тұман күтіледі.
Жетісу облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман болады. Облыстың шығысында өрт қаупі жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысында түнде шығыс пен оңтүстікте қатты жауын-шашын (көбіне жаңбыр), найзағай, күндіз жаңбыр, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең батыс пен солтүстікте тұман болады.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Жел кей жерлерде 23–28 м/с дейін күшейеді. Таразда да жел екпіні 23 м/с дейін жетуі мүмкін.
Ақтөбе облысында жел күшейеді, түнде оңтүстікте, күндіз солтүстік пен шығыста екпіні 15–20 м/с болады. Түнде солтүстікте -1°С үсік күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман болады, ал түнде солтүстік пен шығыста -3°С дейін үсік болуы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі, түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысында да жаңбыр, найзағай, кей жерлерде бұршақ күтіледі, жел екпіні 23–28 м/с дейін жетеді.
Павлодар облысында күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауылды жел күтіледі.
Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады, жел кей жерлерде 23 м/с дейін күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында да жел күшейеді.
Бұған дейін Алматыда мамыр айының басына дейін қандай ауа райы күтілетіндігін жазғанбыз.