Екпінді жел, найзағай мен нөсер жауын: 19 сәуірде бірқатар өңірлерде дауылды ескерту жарияланды

Дождь, дожди, осадки, зонтик, зонт, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.04.2026 17:26 Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі 2026 жылғы 19 сәуірде Алматы қаласы мен еліміздің 14 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласында таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) түнде және таңертең тұман күтіледі. Желдің жылдамдығы кей уақытта 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысында батысында және оңтүстігінде жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең батыс, оңтүстік және таулы аймақтарда тұман түседі. Шығысында және таулы өңірлерде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде солтүстігінде және тау бөктерінде 3°С-қа дейін үсік жүреді. Қонаевта күндіз жаңбыр мен найзағай, түнде тұман күтіледі.

Маңғыстау облысында күндіз оңтүстік, батыс және орталық бөліктерінде жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болады. Жел 15–20 м/с. Ақтауда да шаңды дауыл соғып, жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде тұман болады. Күндіз оңтүстік-шығысында жел 15–20 м/с-қа дейін жетеді.

Абай облысында жел күшейеді, күндіз оңтүстігі мен орталығында 15–20 м/с-қа дейін.

Ақмола облысында түнде және таңертең батыс, оңтүстік және шығысында тұман күтіледі. Солтүстігінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетауда да жел осы деңгейге жетеді.

Атырау облысында күндіз батыс, солтүстік және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел 15–20 м/с. Атырау қаласында да жаңбыр, найзағай және шаңды дауыл болып, жел 15–18 м/с-қа дейін күшейеді.

Түркістан облысында таулы аймақтарда жаңбыр, найзағай және тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с. Түнде солтүстігі мен таулы өңірлерінде 2°С-қа дейін үсік болуы мүмкін. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында оңтүстігінде жаңбыр, найзағай болады. Таулы аймақтарда түнде жаңбыр мен қар, күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Жел 15–20 м/с. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Таразда таңертең және күндіз жаңбыр мен найзағай болады.

Қостанай облысында солтүстік және шығыс бөліктерінде жел 15–20 м/с-қа дейін күшейеді.

Қарағанды облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстік пен шығысында тұман болады.

Жетісу облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр мен найзағай болады. Түнде және таңертең тауда тұман түседі. Алакөл маңында жел 15–20 м/с, екпіні 23–28 м/с-қа дейін жетеді. Түнде солтүстік, батыс және орталығында 3°С-қа дейін үсік күтіледі. Облыстың солтүстік, оңтүстік және шығыс бөліктерінде жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда түнде 1–3°С үсік болуы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батыс пен оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с. Петропавлда да жел осы деңгейге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында батыс және солтүстік бөліктерінде найзағай болады. Күндіз жел 15–20 м/с. Орал қаласында да күндіз найзағай күтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: