Екпінді жел, нөсер жауын: 27 сәуірде Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
Фото: pexels
Астанада кей уақыттарда тұман күтіледі. Түнде топырақ бетінде 1 градус үсік болады.
Алматыда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің екпіні 15 м/с. Іле Алатауының таулы аймақтарында (Медеу және Бостандық аудандары) күндіз жаңбыр, кей уақытта нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел екпіні 18-23 м/с.
Алматы облысында күндіз оңтүстігінде және таулы аймақтарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл болады. Жел облыстың орталығында, шығысында және таулы аймақтарында 18-23 м/с.
Қонаевта желдің екпіні 18-23 м/с.
Шымкентте күндіз жел 15-20 м/с.
Түркістан облысында батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда жел 15-20 м/с.
Абай облысында түнде батысында және солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз шығысында және оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Жел түнде батысы мен солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Семейде түнде желдің екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел түнде солтүстігі мен шығысында 15-20 м/с. Түнде оңтүстігі мен шығысында 3 градус үсік болады.
Маңғыстау облысында күндіз батысында, оңтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай. Батысында, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр, күндіз шығысында және оңтүстігінде жаңбыр. Солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай. Жел түнде солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында күндіз оңтүстігінде, солтүстігінде және орталығында шаңды дауыл. Жел 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында күндіз батысында, солтүстігінде және орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с.
Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с.
Атырау облысында күндіз солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай. Жел солтүстігінде және оңтүстігінде 15-20 м/с.
Атырауда желдің екпіні 15-18 м/с.
Қостанай облысында түнде және таңертең шығысында және оңтүстігінде тұман. Түнде батысында, оңтүстігінде және шығысында 2 градус үсік болады.
Ұлытау облысында түнде және таңертең солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман.
Жезқазғанда түнде және таңертең тұман.
Қарағанды облысында түнде солтүстігінде және шығысында жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең тұман. Жел түнде солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде 15-20 м/с.
Қарағандыда түнде және таңертең тұман.
Павлодар облысында түнде батысында және солтүстігінде 2 градус үсік күтіледі.
Ақтөбе облысында күндіз солтүстігінде, батысында және орталығында жел 15-18 м/с. Түнде солтүстігінде 1 градус үсік болады.
Жамбыл облысында таулы аудандарда жаңбыр, найзағай, тұман. Жел оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең батысында және солтүстігінде тұман. Күндіз шығысында жел 15-20 м/с. Түнде батысында және солтүстігінде 2 градус үсік болады.
Петропавлда түнде және таңертең тұман.
Бұған дейін синоптиктер Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасағанын жазғанбыз.