Оралда 74 борышкерге іздеу жарияланды

Жексенбі күні Орал шаһарында облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетовтың төрағалығымен алимент төлемдерін өндіру мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысы өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алимент төлемдерін өндіру - атқару құжаттарының ең маңызды санаттарының бірі. Борышкерлерден алименттерді уақытылы өндіру – сот орындаушылар жиі кездестіретін күн тәртібіндегі өткір өзекті мәселенің бірі. Өйткені бұл мәселенің артында бейкүнә балалардың тағдыры тұр. Балаларды бағып-қағуға арналған ата-аналардың етене парызы үнемі орындала бермейтіні де рас.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

2023 жылдың І тоқсаны кезеңінде алимент төлемдерін өндіру бойынша 10 865 атқару құжаты қаралған. Оның 486-сы өндірісте аяқталып, 10 419 құжат жұмыс сатысында. Қазіргі күнде 7208 өндіріс орындалуда, яғни борышкерлердің табыс көздерінен ұсталуда. 74 борышкерге іздеу жарияланған. 2831 құжат бойынша борышкерлер алиментті өз еркімен төлесе, мүлдем төлемейтін немесе арасында ғана төлем жасайтын алимент саны - 380. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда проблемалық алимент саны 17,4 пайызға азайған. Ағымдағы жылдың үш айында 128 борышкер есепке алынып, 56-сы жұмыспен қамтылған.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Облыста 78 жеке сот орындаушы қызмет көрсетеді. Орал қаласында 57, аудандарда - 21. Алимент өндіру бойынша тараптардан түсетін өтінімдер толастар емес. Негізінен қойылатын мәселелер: алименттің уақытылы өндірілмеуі, қарыздардың өсуі, борышкердің ресми жұмыс жасамауы немесе табысын көрсетуден жалтаруы, тұрғылықты мекен жайларында тұрмай, сот орындаушысынан жалтаруы. Алайда осыған қарамастын алимент төлемдерін өндірудің сапасын жақсарту мақсатында 2021 жылдан құрамына тәжірбиелі жеке сот орындаушылары бар «Алимент төлемдерін өндірудің мамандандырылған кеңсесі» ашылып, жұмыс жасауда. Қазір бұл кеңседе 8 жеке сот орындаушы жұмыс атқаруда. Әділет департаментінің жанында кәсіби медиатор қызмет атқарады. Медиация кабинетіне негізінен еңбек даулары, отбасылық қақтығыстар, алимент өндіру мәселелері, баламен қарым-қатынасты белгілеу тәртібі бойынша 400-ден астам өтініштер түсті. Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу бойынша 58 келісімге қол қойылды. Оның ішінде алимент өндіру мәселелері бойынша 50 келісімге қол жеткізіліп, 15 млн. теңгеден астам алимент бойынша берешек сомасы осы медиация тәртібі арқылы өндірілді, – деп атап өтті облыстық әділет департаменті басшысының орынбасары Естай Рашкалиев.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

Дөңгелек үстелде «Алимент төлемей қашып жүрген борышкерлердің жауапкершілігін қалай арылтуға болады?» деген сұрақ төңірегінде жиылғандар өз ойын ортаға салды.

Сурет: Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен алынды

2023 жылдың 1 сәуіріне дейін өңірдегі «Отбасы» орталығына 517 адам жолығып, оларға 551 қызмет көрсетілген. Осы аралықта орталық тәрбиешісі ата-аналармен келген 186 баламен жұмыстанған. Жиынды түйіндеген облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов әлеуметтік бағдарламалар аясында бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті.


Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: