Полицейлер көпірден секірмек болған азаматшаны құтқарды

Сурет: freepik
Жексенбі күні полицейлер Орал қаласындағы Шаған су қоймасы бекеті маңындағы көпірден секірмек болған жас келіншекті құтқарып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әдеттегідей өздерінің кезекшілік міндетін атқарып  жүрген  облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2 полиция батальонының полиция аға сержанттары — Нұрбол  Жанғалиев пен Арман Орынбасаров сағат 11:30 шамасында  бейнебақылау камерасы арқылы белгісіз азаматшаның көпірдің астымен өтіп бара жатқанын байқап қалады.

Камерадан көрінбей қалған азаматшаны іздеп, олар көпірдің астыңғы жағына шығады.

Сол мезетте жас келіншектің көпірден секірейін деп жатқанын көріп, біреуі алдыңғы жақтан шығып, «Секірме!» деп айқайлап, тоқтатуға тырысады.

Екіншісі көпірдің астынан шығып, азаматшаны құтқарып қалады. 

"Жалпы су еріп, мұз кеткен соң осындай оқыс оқиғалардың жиілейтінін байқап жүрміз.  Биыл бірінші рет орын алып тұр. Біз оқыс оқиғаны облыстық полиция департаментіндегі кезекші бөлімге баяндап, суицид жасамақ болған азаматшаны аман-есен Абай полиция бөліміне тапсырдық. Біздің жігіттер өмірмен қоштаспақ болып, қамыққан жандарды бұдан бұрын да бірнеше рет құтқарды. Бұл — біздің жұмысымыз," – дейді  облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің 2 полиция батальонының взвод командирі, полиция капитаны Бакжарат Макаров.

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс