Шымкентте алты адамды қаққан автобустың жүргізушісі қамауға алынды

Сурет: видео скрині
Шымкенттегі бес адамның өліміне себеп болған автобусқа жауапты компания лицензиясынан айрылуы мүмкін. Полиция департаменті жергілікті әкімдікке осындай ұсыныс хат жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Ал автобус жүргізушісі қамауға алынған.

"Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалған. Автобус жүргізушісі қамауда және бізге Шымкент қалалық әкімдігіне SHYMKENT BUS фирмасының жолаушылар тасымалдау лицензиясынан айыру туралы ұсыныс жолданды".Шымкент полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы

Еске салайық, 8 сәуірде сағат 18:30 шамасында Шымкенттегі "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізушісі жоқ автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында тұрған 6 адамды қағып кеткен, салдарынан 5 адам опат болды.

Шымкент
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі