Қала әкімі Қайрат Камзин "Алматының көлік холдингі" ЖШС-мен бірге қаланың қоғамдық көлігінде Onay! электрон жол ақысын төлеу жүйесін енгізу және тиісті түрде жұмыс істеу бойынша меморандумға қол қойды.
Сурет: instagram.com/balqash_qalasy_akimdigi
"Onay! электрон төлем жүйесін енгізілуімен, Балқаш қаласының көлік инфрақұрылымы жақсы жаққа өзгереді. Біріншіден, жүйе нақты жолаушылар санын көрсетеді. Қанша адам қай автобуста және қай уақытта жүретінін көруге болады. Осыған сүйене отырып, маршруттық желіні оңтайландыруға болады – дұрыс қозғалыс кестесін жасауға көмек береді. Сонымен қатар, балқаштықтар Onay! мобильді қосымшасы арқылы қоғамдық көліктің қозғалысын бақылауға мүмкіндік алады. Мобильді қосымшаға жақын адамдардың карталарын қосуға болады. Мысалы, оқушылардың ата-аналары балаларының қозғалысын бақылай алады, баланың автобусқа қашан отырғанын және қай аялдамада екенін көре алады. Жақында бұл жүйе Қарағандыда анасына ұлын табуға көмектесті". Балқаш әкімі Қайрат Камзин
Балқашта Onay! жүйесін 2023 жылдың III тоқсанына іске қосу жоспарланған.