Қазақстандағы құтқару операциясы Илон Масктың назарын аударды

Қазақстандағы құтқару операциясы Илон Масктың назарын аударды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2026 17:20 Сурет: Instagram/112shygys
2026 жылғы 8 қарашада DogeDesigner лақап атымен танымал қолданушы Қазақстанда боран кезінде бес адамды құтқару сәті түсірілген видеоны жариялады. Бұл жазба SpaceX компаниясының бас инженері Илон Масктың назарын аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Х әлеуметтік желісіндегі парақшада Қазақстанның қарлы тауларында боранға тап болған адамдар туралы оқиға жарияланған.

"Starlink Қазақстанның қар басқан тауларында қалып қойған бес адамды құтқаруға көмектесті. Олардың жол талғамайтын көлігі Қыстау-Күршім ауылынан шамамен 15 шақырым жерде бұзылған. Бұл аумақта ұялы байланыс болмағандықтан, адамдар көмек шақырып, құтқарушылармен байланыста болу үшін Starlink жүйесін пайдаланған. Құтқарушылар шамамен 100 шақырым жолды арнайы техникамен жүріп өтіп, бес адамның барлығын аман-есен ауылға жеткізді", – делінген жазбада.

Илон Маск бұл жарияланымды өз парақшасында бөлісіп, "Starlink адам өмірін құтқарады" деп жазды.

Қазақстандықтар бұл оқиға туралы 2026 жылғы 22 қазанда-ақ хабардар болған. Сол кезде Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмағанын хабарлаған еді.

Айта кетейік, Starlink спутниктік интернеті Қазақстанда 2025 жылғы 13 тамызда ресми түрде жұмыс істей бастады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: