Абай облысындағы бір ауылдың оқушылары аттестатсыз қалуы мүмкін

Абай облысы Ақсуат ауданындағы Тоғас батыр мектебінің директоры білім ошағының тіркеуден өтпегенін жасырып келген. Осыған ашынған ата-аналар 11 жыл оқыған мектептен ұл-қыздарымызға бір жапырақ қағаз бұйырмайтын болды деп наразы, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ойшілік ауылындағы Тоғас батыр орта мектебінде 310 оқушы бар. Биыл 9 бен 11 сыныпты 33 бала бітіреді. Бірақ бұл білім ордасында  түлектер үшін соңғы қоңырау соғылмауы мүмкін. Өйткені мектеп екі мәрте аттестациядан өте алмаған. Соның салдарынан білім ошағы түлектерге құжат беру құқығынан қағылып отыр. Сондықтан оқушылар көрші ауылдағы Сасан Би орта мектептің атестаттын алуға мәжбүр. Ал ата-аналар облыстың білім басшыларынан балаларына өздері оқыған мектептен құжат беруін талап етуде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

"Қалайша біздің балаларымыз Тоғас батыр мектебін бітіріп отырып, 9-11 сынып оқушылары Сасан би мектебінің аттестатын алады? Осы жағдай бізді қатты алаңдатып отыр. Мектептің аттестациядан өтпеуі, осы уақытқа дейін мектеп директоры Асхат Калиолдин басқарды. Сонда үш жыл жұмыстың қайда кеткені?". Ойшілік ауылының тұрғыны Әсем Рахметова


Алайда бұл ауыл бұрын Шығыс Қазақстан облысына қарағандықтан, қандай қателіктердің орын алғанын тексеруге комиссия жібере алмай отырмыз, - дейді шенеуніктер. Қазір Тоғас батыр мектебіне үшінші мәрте аттестациядан өтуге мүмкіндік берілген. Сондай-ақ облыс бойынша биыл алты білім ошағы жабылуы мүмкін, - дейді білімге жауапты мамандар.


"Мысалы, кәсібилігін бақылаудан үшінші рет өтпесе, біз мектептің жабылуын немесе қайта жаңадан құрылуын жергілікті білім бөлімімен бірге қарастыруды бастаймыз. Әлі шешім қабылдаған жоқпыз. Қазір мораторий бітуін күтіп алып, ары қарай көреміз". Абай облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Қасымбек Ақжалов
Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: