Алматы маңында екі жер сілкінісі тіркелді

Алматыдан бірнеше шақырым қашықтықта екі рет жер сілкінді, деп хабарлайды Zakon.kz "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-ге сілтеме жасап.

Кейінгі жер сілкінісі бүгін, 16 сәуірде сағат 08:55-те тіркелген.

"Эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 43 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 9.2. MPV магнитудасы – 3.8. Эпиорталық координаттары – 43.28° с.е. және 77.43° ш.б. Тереңдігі - 5 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бүгін сағат 07:40-та тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Оның эпиорталығы Алматыдан шығысқа қарай 325 шақырым қашықтықта, Қазақстан мен Қытай шекарасында болды.

"Энергетикалық санаты – 9.0. MPV магнитудасы – 4.0. Эпиорталық координаттары – 43.44° с.е. және 80.90° ш.б. Тереңдігі - 15 км. МSК-64 шкаласы бойынша сезілмеген".

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: