Синоптиктер Астанада қанша қар жауғанын айтты

Сурет: Астана қаласының әкімдігі
Астанада демалыс күндері жауған қардың мөлшері айлық нормадан асып түсті. Қала әкімдігінің мәлімдеуінше, коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК деректері бойынша, ай сайынғы норма 22 мм болған жағдайда, Астанада тек соңғы үш күнде 37,6 мм қар жауды.

"Коммуналдық қызметтер толықтай күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды. Қар күреу жұмысына күн сайын 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы, мыңнан астам арнайы техника жұмылдырылды.17 сәуірге қараған түні елордадан 23 мың текше метрден астам қар немесе 1 671 жүк көлігі шығарылды".Астана қаласының әкімдігі

Қыс мезгілінің басынан бері бүгінгі күнге дейін полигондарға 4 миллион текше метрге жуық қар шығарылды, бұл 318 мыңнан астам рейс.

"Ауа райының нашарлауына байланысты қалада көлік қозғалысының қарқындылығы төмендеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін жүргізушілер мен жолаушылар өте мұқият болуы, қауіпсіз қашықтықты сақтауы қажет".Астана қаласының әкімдігі


Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды