Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны қанаты сынған күйде табылды

Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны қанаты сынған күйде табылды. Жаралы құсты Майқайың кентінің маңынан Екібастұз тұрғындары байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz., сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2026 08:06 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысында Қызыл кітапқа енген дала қыраны қанаты сынған күйде табылды. Жаралы құсты Майқайың кентінің маңынан Екібастұз тұрғындары байқап қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Ирбис ТВ" телеарнасының сайты жазғандай, Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне далада жаралы құс жатқаны туралы хабар 2026 жылғы 15 қарашада түскен.

Оқиға орнына барған мамандар ақпаратты растап, жараланған құстың Қызыл кітапқа енген дала қыраны екенін анықтаған.

"Дала қыраны Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Павлодар орманшылығының қызметкерлері оқиға орнына барып, құсты алып кетті. Ветеринарлар тексергеннен кейін оны уақытша Павлодарское ауылына орналастырамыз", – деді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов.

Бұған дейін Алматы облысында бүркіт фототұзаққа жақындап, оны үңіле қараған сәті қызықты видеоға түсіп қалған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: