Күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде 23 м/с құрайды деп болжанады. Көкшетауда оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің таңертең және күндізгі екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында сынап бағаны 1-6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады. Түнде ауа температурасы -1-3 градус суық болып, үсік жүруі ықтимал.
Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман болады деп болжанады. Түнде облыстың басым бөлігінде ауа температурасы -1-6 градусқа дейін суытып, үсік жүреді деп күтіледі. Қызылорда қаласында түнде сынап бағаны -1-3 градус суықты көрсетіп, үсік жүруі ықтимал.
Алматы облысында күн жауын-шашынды (жаңбыр соңы қарға ұласады), таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын жүреді деп болжанады. Таулы аудандар мен тау етегінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік жартысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с, облыстың таулы аудандарында кей уақыттарда 23 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда сынап бағаны -3 градус суықты көрсетеді, үсік болады. Күндіз ауа температурасы 3-8 градус жылы, облыстың таулы аудандарында, солтүстігінде сынап бағаны -1-6 градус суықты көрсетеді, үсік жүреді деп күтіледі. Алматы қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түннің бірінші жартысында соққан желдің екпіні 15 м/с құрайды. Түнде -1-3 градус суық болады, үсік жүреді, күндіз 6-8 градус жылы болады деп күтіледі. Қонаев қаласында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.
Жетісу облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады деп күтіледі. Облыстың таулы аудандарында тұман болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 17-22 м/с, Алакөл аудандарында кей уақытта 30 м/с дейін жетеді. Түнде солтүстікте, облыстың таулы аймақтарында -3 градус суық болып, үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы 4-9 градус жылы. Талдықорғанда түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады деп күтіледі. Ауа температурасы түнде 0-2 градус жылы, күндіз 6-8 градус жылы.
Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Қостанай қаласында батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында оның екпіні 15-20 м/с құрайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында сынап бағаны -1-6 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі. Таразда тұман түседі. Күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. Павлодарда күндіз жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Түнде Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады деп күтіледі, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Өскеменде батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында қар жауады, жаяу бұрқасын жүреді, көктайғақ болады деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с жылдамдықпен жел соғады. Семейде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.