Суданда АҚШ дипломаттарының көлігіне оқ атылды.

Сурет: pixabay
Бұл туралы Жапонияда "Үлкен жетілік" елдері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінде Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен мәлімдеді.

Бұған дейін Хартумдағы Еуроодақ елшісі, Ирландиялық дипломат Эйдан О'Хараға шабуыл жасалған болатын. Суданда 3 күннен бері әскер мен "Тез қолдау көрсету күштері" жасағы арасында қарулы қақтығыс болып жатыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы қақтығыстан 180-нен астам адам қаза тапты деп хабарлады. 1800-ден астамы жарақат алған, деп жазады Хабар 24 арнасы. 

Арасында бейбіт тұрғындар көп. Энтони Блинкен, АҚШ Мемлекеттік хатшысы: - Кеше біздің дипломаттардың көлігіне оқ атылды.

Біздің адамдар дін аман. Бұл ақылға сыймайтын, жауапсыз және өте қауіпті әрекет.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды