Ұлттық пантеонда жерлеу аймағы діни сенімге қарай бөлінбейтін болды

Сурет: pixabay
Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марсель Узақов мәслихатта Ұлттық пантеон неге діни сенім бойынша аймақтарға бөлінбейтінін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл мәселені елордалық мәслихат депутаттары көтерген еді. Олар "Ұлттық пантеонда діни сенімге байланысты жерлеу учаскелерін бөлу қажет емес пе?" деген сұрақ жолдады.

"Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы жобаның тапсырыс берушісі болып саналады, біз адамдарды жерлемейміз. Пантеон – бұл қарапайым зират емес, Қазақстанның көрнекті қайраткерлері жерленетін жер. Осыған байланысты діни бөлініс болмайды деп шешілді. Өйткені, ең алдымен, Қазақстан – зайырлы мемлекет", – деді ведомство басшысы Марсель Узақов.

Ұлттық пантеонға кімдер жерленетіні белгілі болды.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі