Еліміздің тоғыз өңірінде үсік жүріп, тұман түседі, күн күркірейді деп болжанады

Сурет: pixabay
22 сәуірде қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің 9 облысында ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с құрайды. Түнде облыстың басым бөлігінде суық ауа температурасы сақталады: -1-6 °C. Талдықорғанда түнде суық болады: -4-6°C.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Облыстың шығысында оңтүстік-шығыстан батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Атырауда түнде және таңертең найзағай ойнауы ықтимал.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Оралда күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні - 18 м/с.

Күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі. 

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында шығыстан жел соғады, күндіз өңірдің солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл тұрады, екпіні - 15-20 м/с.

Таңертең және түстен кейін Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнайды деп болжанады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман болады. Облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Қостанайда күндіз оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде облыстың шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі.  түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды