Оқиға Көкшетаудаағы орталық базарда болған.
Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізген.
"Ауруханадан Щучинск қаласының 67 жастағы тұрғыны сол жақ аяғының 1-2, 4 бақайларының ашық сынығы" диагнозымен түскен. Әйел эскалатормен төмен түсіп келе жатқанда жарақат алған. Әйелдің айтуынша, өзінің алдында сүрініп құлаған адамды көтермек болғанда аяғы эскалатор баспалдақтарының арасына қысылып қалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр". Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
Әйелді травмотолог дәрігер қарап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Екпе салынып, жарақаты таңылған.
Емделуші Астанадағы көпбейінді ауруханасына жіберілді. Оған хирургиялық ота жасалады.
Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, қазір емделушінің жағдайы қалыпты орташа ауыр. Есін біледі.