Алматының кей жерінде су беру уақытша тоқтатылды

Сурет: Zakon.kz
Алматының Түрксіб ауданында ірі су құбыры бойында болған апатты жою жұмыстары жалғасып жатыр. Автокөліктер жүретін Рысқұлов даңғылының жүру бөлігінің Герцен көшесімен қиылысу аумағындағы екі жолағы қозғалыстың батыс жағына қарай уақытша жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Осыған байланысты төменде көрсетілген көшелер контурында орналасқан әкімшілік ғимараттар мен үй құрылыстарына су беру уақытша тоқтатылады:
Аталған мекенжайлар мен шағын аудандарға автоцистерналармен су тасымалдау жүзеге асырылады.
Қаланың басқа аудандарында суды өшіру жоспарланбаған. 
"Алматы Су" МКК апаттық бригадалары Герцен көшесі бойымен тартылған Д=500 мм магистральдық су құбырында қалпына келтіру жұмыстарын орындап жатыр. Апаттық жағдайды жою жұмыстарына 16 техника жұмылдырылды. Герцен көшесі бойымен өтетін магистральдық су құбыры 1962 жылы пайдалануға берілген".  Алматы әкімдігі
Алматының қолданыстағы инженерлік инфрақұрылымының желілері ғана емес, сонымен қатар объектілер жабдықтарының да айтарлықтай тозығы жеткен. Сумен жабдықтау желілерінің ұзындығы - 3 528 шақырым, оның ішінде 1941,2 шақырымы желі ауыстыруды қажет етеді (жалпы ұзындығының 55,8 пайызы)
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды