Алматы жартылай марафонының өтуіне байланысты қай жолдар жабылды

Сурет: Алматы әкімдігі
23 сәуірде Алматыда Алматы жартылай марафонының өтуіне байланысты 00:00-ден 12:00-ге дейін барлығы 57 маршруттың қозғалыс схемасы өзгертілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

23 сәуірде Алматыда Алматы жартылай марафонының басталуы Тұңғыш Президент саябағында таңғы 7:30-да, мәре орталық стадионда сағат 12:00-де өтеді.

Басталуы сағат 07:30-да 10 шақырым қашықтық және скандинавиялық жүру, сағат 08:10-да 21 шақырым қашықтықта жүгіру. Биыл жартылай марафон алтыншы рет өткелі тұр, жарысқа 7 660 спортшы мен жүгіруді сүйетіндер қатысады. Орталық стадионда черлидерлер командалары мен музыкалық топтардың қатысуымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы жоспарланған. 

Іс-шараның өткізілуіне байланысты 23 сәуірде сағат 00:00-ден 12:00-ге дейін қашықтықтан өту орындарындағы жолдарда қозғалыс ішінара жабылады.

Жолдардың жабылу жоспары

Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2) Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6) Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

23 сәуір Алматы жартылай марафонын өткізу кезінде айналып өту сызбалары:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды