Қажылық та, қаражат та жоқ: елордада тұрғындары туристік компания "қызметкеріне" алданып қалды

Қажылық та, қаражат та жоқ: елордада тұрғындары туристік компания "қызметкеріне" алданып қалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.03.2026 22:02 Сурет: pexels
Астанада туристік компанияда жұмыс істеген 27 жастағы ер адамға қатысты алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Өзін туристік компания қызметкері ретінде таныстырған ер адам қажылық сапарды ұйымдастыруды уәде етіп, азаматтардан миллиондаған теңге жинап алған. Алайда уәде орындалмай, жәбірленушілер саны артып отыр.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдікті азаматтарға Мекке қаласына қажылық сапарын ұйымдастырып беремін деп уәде берген. Ол жолдама, виза рәсімдеу және әуе билеттерін алып беру қызметтерін сылтау етіп, жәбірленушілерден алдын ала ақша алған. Алайда уәде етілген қызмет орындалмаған.

Қазіргі уақытта 13 эпизод анықталды. Келтірілген жалпы материалдық шығын көлемі 2,2 млн теңгені құрайды. Тергеу барысында жәбірленушілер саны артуы мүмкін екені жоққа шығарылмайды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, күдіктінің өзге де осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: