Тобыл қаласында жол белгілерін ұрлаған ер адам ұсталды

Сурет: Zakon.kz
Қостанай облысының Тобыл қаласында жол белгілерін ұрлаған ер адам ұсталды. Тапа-тал түсте темір бағанды құлатқалы жатқан күдіктінің әрекетін кездейсоқ көрген куәгерлер полицияға қоңырау шалған.

Оқиға орнына алдымен учаскелік инспектор жетіпті. Ол екі бірдей жол белгісін қиратып алып бара жатқан 60 жастағы ер адамды қылмыс үстінде қолға түсірді.

Залал мөлшері 40 мың теңге. Күдікті белгілерді метал сынықтарын қабылдайтын орынға тапсырмақ болыпты.

Осы оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әсел Жанасова Премьер-министрдің орынбасары – көлік министрі болып тағайындалды

Астанадағы екінші әуежайдың құрылысы қашан басталатыны белгілі болды

Каспий теңізіндегі есірткі арнасы: ҰҚК шетелдіктер мен Қазақстан азаматтарын ұстады

Ақтөбедегі Неке сарайындағы әйелдің өліміне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды

Алматы тұрғындары біле бермейтін түнгі автобус бағыты