Сәуірдің соңғы үш күнінде елімізде күн райы қалай құбылмақ

Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 29 сәуір мен 1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамын ұсынды. Болжам бойынша, еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде күн күркіреп, түнде солтүстікте, орталықта, шығыста – жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын түседі, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында әлсін-әлсін қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман күтіледі. Оңтүстік облыстарда шаңды дауыл тұрады.

"Солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта түнде 1-7 градусқа дейін үсік жүретін болса, шығыста 1-10 градусқа дейін үсік жүреді", – деді синоптиктер.

Апта соңында солтүстік антициклонның әсері Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеп соқтырады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Ақмолалық тұрғын Грузиядан Toyota Highlander сатып алмақ болып, миллиондаған теңгесінен айырылды

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме