Мектеп оқушысы "Абай жолы" романы негізінде үстел ойынын жасап шықты

Сурет: "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі
Қарағандыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-оқушысы Томирис Бақыт Мұхтар Әуезовтың "Абай жолы" роман-эпопеясы негізінде үстел ойынын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ойын "Absolutely obsolete" деп аталады. Ол жас буынға бос уақытын қызықты өткізіп қана қоймай, қазақ әдебиеті мен этномәдениетін терең түсінуге көмектеседі.

"Абай жолының" бірінші томын оқығанда көп сөздер мен салт-дәстүрлерді түсінбедім. Қатарластарымнан сұрастырғанда, оларда да осындай мәселе бар екенін білдім. Сол себепті шығарманы түсініп оқып, сөздік қорды арттыру мақсатында осындай үстел ойынын жасап шықтым". Томирис Бақыт

Absolutely obsolete үстел ойынында қазір 60 карта бар. Оқушы алдағы уақытта жобаға романдағы кейіпкерлер мен рулар жайлы бөлім енгізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Алматы мен Шымкентте күн жылынады: ауа температурасы +25 градусқа дейін көтеріледі

Бес елдің ғалымдары Аралды қалпына келтірудегі фосфогипстің әлеуетін бағамдады

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі