Бас прокуратура "Өзенмұнайгаз" тендерлерінің заңдылығын тексеріп жатыр

Сурет: ozen.kz
Бас прокурордың тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына орталық аппараттың неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері қатарынан құрылған жұмыс тобы келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұмыс тобының алдында "Өзенмұнайгаз" АҚ-да тендерлерді өткізу кезінде заңдылықтың сақталуы және ашықтықтың қамтамасыз етілуі мәселелерін зерделеу міндеті тұр.

Мердігер ұйымдардың қызметкерлері бұл мәселені жиі көтеріп, оны еңбек жағдайларының нашарлауымен және жалақының төмендеуімен байланыстыратыны белгілі.

"Осыған байланысты қадағалау ведомствосының қызметкерлері "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның қаржы-шаруашылық құжаттамасын және сатып алуларын ықтимал бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуы тұрғысынан талдайды. Сонымен қатар Жаңаөзен қаласының және жалпы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізіліп жатыр". ҚР Бас прокуратурасы

Талдаумен инженерлік инфрақұрылым және тұрғын үй құрылысы, кәсіпкерлік, мәдениет, спорт, туризм және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру салаларындағы проблемалық мәселелер, сондай-ақ өңір үшін басқа да маңызды бағыттар қамтылып жатыр.

Жүргізілген жұмыстың нәтижелері қоғамға жеткізіледі.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды