Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті

Сурет: pixabay
Жезқазғанда көлік жүргізушісі мопед мінген жасөспірімді қағып кетті. Бала түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға кеше, 2 мамырда кешке қарай Абай көшесінде орналасқан үйдің жанында болған.

23 жастағы автокөлік жүргізушісі мопед мінген 15 жастағы жасөспіріммен соқтығысқаны анықталды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі бойынша ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы және абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан дәл сол іс-әрекет") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

"Полиция қызметкерлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және қауіпсіз қашықтықты қатаң сақтау керек екенін еске салды, сонымен бірге ата-аналарға балаларына мопедтер мен жеңіл мотоциклдерді сеніп тапсырар алдында олардың санаттары мен рұқсат түрлерін назарға алу қажет екенін ескертті".Polisia.kz

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әскери қызметшілерге зейнетақы тағайындау тәртібі өзгерді

Қазақстанда 3 қарашада жаңбыр, қалың қар жауып, үсік жүреді

Бір айда 14 мыңнан астам адамға көбейді: Қазақстан халқының саны туралы жаңа дерек жарияланды

Қазақстанда құрылысы аяқталмаған су нысандары қашан пайдалануға беріледі

2 қарашадағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы