Көліктердің мемлекеттік нөмірлерін ұрлап, олар үшін өтемақы талап еткен алматылық ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Алматыда жас жігіт көліктерден мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін шешіп алып, кейін оны иесіне ақы төлеген жағдайда ғана қайтарып жүрген.
"Күдікті күрделі емес “табыс табу” тізбегін ойлап тапқан. Түнде ол тұрақта тұрған көліктердің мемлекеттік нөмірлерін шешіп алып, көліктің айнасына ұрланған нөмірді қайтарып алу үшін өтемақы төлеу шарты жазылған жазуды қалдырып кеткен. Содан кейін іскер жігіт нөмірлік белгі жасырылған мекенжайды хабарлаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. 21 жастағы А. есімді азамат, осыған ұқсас тағы 5 ұрлық жасағанын мойындады. Аталған эпизодтар бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Жәнібек Шынасылов."

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді