Қорғаныс вице-министрі қаңтар оқиғасы жайлы: Қарулы күштер өзіне жүктелген міндетті атқарды

Сурет: Zakon.kz
Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдинов Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен өткен Бүкілармиялық кеңес кулуарында қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан қарулы күштері өз міндетін орындағанын атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сұлтан Камалетдинов қаңтар оқиғасын түрліше бағалауға болатынын айтты.

"Бірақ қаңтар оқиғасы кезінде қарулы күштер өзіне жүктелген міндеттерді орындады. Ол дегеніміз – мемлекеттік маңызы бар нысандарды, стратегиялық объектілерді қорғауды күшейту. Қарулы күштердің бірде-бір нысаны жоқ басып алынған жоқ. Барлық тапсырмалар орындалды".Сұлтан Камалетдинов

Осы орайда журналистер Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен көмек сұрауға мәжбүр болғанын вице-министрдің есіне салып өтті.

"Менің ойымша, бұл жағдай айтарлықтай күрделі болғанын көрсетеді, сондықтан мемлекет басшысы осындай шешім қабылдады". Сұлтан Камалетдинов

Ол Қазақстан қарулы күштерін он балдық шкала бойынша бағалаудан бас тартып, бұл мемлекет басшысының құзырында екенін атап өтті.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тоқаевқа республикалық референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары түсті

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

17 наурызда елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды