Қарағандыда екі азамат шағын несие беру ұйымы қызметкерін қорқытып, ақша ұрлаған

Сурет: poilisia.kz
Қарағандыда екі азамат шағын несие беру ұйымы қызметкерімен тапаншамен қорқытып, 1 миллион теңгеден астам ақшаны алып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, 5 мамырда сағат 18:00 шамасында Қарағанды полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз екі азамат шағын несие беру ұйымына кіріп, 30 жастағы менеджер әйелді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 1 млн 29 мың теңгені алып кеткені туралы хабарлама түсті.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-тармағына сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

"Ауыр қылмысты ашу мақсатында департаменттің криминалдық ПБ, Қарағанды қалалық ПБ және оның аумақтық ПБ-нің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамыр күні жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласынан осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 және 25 жастағы екі азамат анықталып ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді". Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің санкциясына сәйкес, ұсталғандарға 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы көзделген.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты