Алматыда арнайы операция өтті

Сурет: ҚР ІІМ
Алматы полициясы арнайы іс-шараны Достық даңғылы мен Оспанов көшесінің қиылысында жүргізді.

Бұрын мүліктік қылмыс үшін сотталған 44 жастағы А.есімді азаматты рұқсат етілген жеке тінту барысында, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған полиэтилен байламы тәркіленді.


"Жалпы, арнайы іс-шара қару ұрлау дерегі бойынша ҚР ҚК-нің 291-бабы 3-бөлігіне сәйкес қозғалған қылмыстық істі тергеу аясында жүргізілді. Кейін күдіктінің тұрғылықты жерінде рұқсат етілген тінту кезінде сарайдан АК-74 автоматы мен ТОЗ-17 шағын калибрлі мылтығы табылды. Бұл қарудың нақты кімдігі екендігі мен шығу тегін арнайы сараптама анықтайды. Сонымен қатар А.есімді азаматқа есірткі сатқан 1970 жылы туған М.есімді азаматта сол уақытта ұсталды. Ол да тексерілді. Нәтижесінде белгілі бір иісті, өсімдік тектес заты бар полиэтилен байламы және күні, аты-жөні, ақша сомасы жазылған жазбалар тәркіленді, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Дидар Аханов."

Сондай-ақ полицейлер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпараттар тергеу мүддесіне орай жария етуге жатпайтынын хабарлайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды