Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқу тексерісі "Баршаның назарына!" бірыңғай құлақтандыру дабылын, электросиреналарды қосу, теледидар мен радио арналарын автоматты түрде ұстап алу арқылы сейсмикалық жаттығулар өткізу туралы халықты бір уақытта хабардар етеді.
"Сиреналар естілген кезде үй-жайдан шығып, қауіпсіз ашық аймаққа өту керек", – деп ескертті төтеншеліктер.
Білім беру, денсаулық сақтау объектілерінде, адамдар көп жиналатын объектілерде адамдарды ғимараттардан алдын ала белгіленген қауіпсіз орындарға эвакуациялау элементтерін пысықтаумен сейсмикалық жаттығулар өтеді.
Негізгі жаттығу орны – Қаратау ауданындағы Нұртас шағын аудандағы тұрғын үй кешені. Мұнда сағат 11:00-де ықтимал жер сілкінісі туралы хабарланған жағдайда тұрғындарды эвакуациялау жүргізіледі. Қалалық азаматтық қорғау қызметінің барлық жеке құрамы адамдарды құтқару және эвакуациялау, қирандылар астынан зардап шеккендерді шығару, өртті сөндіру, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша іс-шараларды іс жүзінде пысықтайды. Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Осыған орай төтеншеліктер Шымкент қаласының тұрғындарынан сиреналарды жаттығу ретінде іске қосқанда түсіністікпен қарауды, тыныштық сақтауды әрі үрейленбеуді сұрады.