БҚО полиция департаментінің бастығы тағайындалды

Сурет: polisia.kz
Арман Оразалиев Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бас полицейі лауазымына полиция полковнигі Арман Оразалиев тағайындалды".

Облыс активіне және полиция департаментінің жеке құрамына жаңа бастықты ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев таныстырды.

Арман Оразалиев 1975 жылдың 26 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Құқық қорғау органдарында 1992 жылдан бері жұмыс істейді. Оңтүстік Қазақстан облысында және ҚР ІІМ-де жедел қызмет саласында әр түрлі басшы лауазымдарда қызмет етті.

Павлодар және Жамбыл облыстарында ПД бастығы лауазымында қызмет атқарды. Кейінгі жұмыс орны - ҚР ІІМ Қриминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Айта кетейік, БҚО полиция департаментін жеті жылға жуық басқарған Махсұдхан Аблазимов Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығының лауазымына ауысты.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі