Түркияда президент сайлауы басталды

Сурет: РИА Новости
14 мамырда жергілікті уақыт бойынша сағат 08:00-де (Астана уақыты бойынша 11:00) Түркияда сайлау учаскелері ашылды. Ел халқы 5 жыл қызмет ететін президентті және парламенттің жаңа мүшелерін сайлайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

 28-ші шақырылымдағы Президент және Парламент Мәжілісі сайлауында ел бойынша 973 сайлау округі мен 1 094 округтік сайлау комиссияларында 191 мыңнан астам сайлау жәшігі орнатылды.

Cайлаушылардың саны – 60 миллион 697 мың 843 адам. 4 миллион 904 мың 672 сайлаушы алғаш рет дауыс береді. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан және абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталған сайлаушылар саны - 53 172 адам.

Президентті сайлауға арналған бюллетеньде әуеліде 4 адам болды. Алайда 11 мамырда үміткерлердің бірі Мұхаррем Инже өз кандидатурасын алып тастайтынын мәлімдеді.

Осылайша, Түркия басшысына қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған, оппозициялық партиялардың кандидаты және Республикалық халық партиясының төрағасы Кемал Кылычдароғлу және Ататүрікшілер альянсынан үміткер Синан Оган үміткер боп қалды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Астана, Алматы және Шымкенттегі 11 қыркүйектегі валюта бағамы

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті