ҰКҚ төрағасының орынбасары өз-өзіне қол жұмсаған курсант ісі бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты

Сурет: gov.kz
Мәжілісте ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы курсантының өліміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Марат Қалқабаев қазір полицейлер бұл іс бойынша тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

"Өз-өзіне қол жұмсаудың кез келген фактісі "өзін-өзі өлтіруге итермелеу" қылмыстық ісі аясында тергеледі, адамды өз-өзіне қол жұмсауға итермеледі деген нұсқаны жоққа шығару үшін ... Нәтижесі әрине, бізге хабарланады, соған қарай бір қорытындыға келеміз", – деді ол.

Сонымен қатар, оның айтуынша, ҰҚК бұл факті бойынша жан-жақты қызметтік тексеру жүргізген.

"Ұлттық қауіпсіздік органдарына кірерде үміткерлер жан-жақты, оның ішінде өтірікті анықтайтын детекторда психологиялық тексеруден өтеді. Одан кейін академияда монитринг жүргізіледі, бізде арнайы және психологиялық қызмет пен кадр қызметі бар. Тіпті жеке қауіпсіздік департаментіміз бар. Бүгінде осы жағдайдан соң тексеру жөніндегі жұмысы талданып, айтарлықтай түзетулер енгізілді. Мұның барлығы, өзіңіз айтқандай, лудоманияда, ол бізге де келді. Бұл ҰҚК академиясының тарихында болып отырған біріншы жағдай. Құмар ойындарға тәуелділіктің басты себебі бірден пайда болмайды, оған бір нәсре әсер етеді. Ең бастысы, адамның ойынға салына бастаған сәтін анықтау", – деді спикер. 

2023 жылғы 1 мамырда әлеуметтік желілерде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясының курсанты өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады.

Қазақстан
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды