Астанадағы Жоғарғы соттың алдында бір топ семейлік аштық жариялады

Сурет: видео скрині
Астанадағы Жоғарғы соттың алдында бір топ семейлік аштық жариялады

Бір топ семейлік Астанадағы Жоғарғы соттың алдында аштық жариялады. Олар ас-судан, тіпті күнделікті ішіп жүрген дәрісінен бас тартқан. Жиналғандардың туысқандары осыдан үш жыл бұрын зауыттан алтын ұрлады, бопсалады және адам ұрлады деген айыппен қамалыпты, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Трансұлттық қылмыстық топтың құрамында 58 адам болған. Олардың 32-сі қазір қамауда отыр. Алайда "Аса құпия деген таңба қойылған істің жай-жапсарынан туыстары түгілі, айыпталушылдардың өздері бейхабар" дейді жиылғандар. Олар сот отырыстарының ашық өтуімен қоса, судьяны да ауыстыруды сұрап отыр.

"Денсаулығы әбден құрыған. Үш жылға жуық өзі азапталған балалар енді аштық жариялап жатыр. "Аса құпия" дегенді тауып алып, сотты жабық, ешкімді қатыстырмай, аса құпия жағдайда өткізіп жатыр. Не камера жоқ, не аудиожазба жоқ. Қоянбаев өзінің білгенін істеп жатыр. Бір жақты қарап жатыр, адвокаттарды да тыңдамайды, айыпталушыны да тыңдамайды". Семей тұрғыны Баян Жұмабаева

Шығыс Қазақстан облысы соты қылмыстық істің аса құпия түрде қаралып жатқанын айтып, қандай да бір ақпарат беруден бас тартқан. Бас-аяғы 59 күдіктінің ісі қазір сотқа жеткен. Олардың бірнешеуіне 8 бап бойынша айып тағылған. Ал Астанаға Семейден барғандар әділдікке жетпейінше, нәр татпаймыз деп отыр. Олар бүгін Бас прокуратураның алдында жиналмақшы. Өйткені қамаудағылар адам төзгісіз азаптауларды бастан өткеріп жатқанын айтып шағымданған. Тіпті бұған нақты дәлелдері де бар екен.

"Бәрі біле бермейді, жоғары жаққа жетпейді, мұндай қулық, сұмдықтары. Айыпталушыларды шетінен азаптаған. Аузына ыстық су құйып күйдірген. Қабырғасын сынғанша ұрған. Менің баламды байлап-матап, аяғын аспаннан келтіріп, асылып тұрған күйінде сабаған. Оның қол-аяғы мен жұлынына зақым келді. Осының барлығы сараптамада дәлелденген".Семей тұрғыны Шолпан Жақыпова
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Павлодарда зейнеткерді тонамақ болған күдікті ұсталды

17 наурыз – "Шаңырақ күні". Қазақта "Шаңырақ көтеру" атты ерекше салт-дәстүр болған

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуі белгіленеді

Жапаров Тоқаевты жалпыхалықтық референдумның табысты өтуімен құттықтады