Елордалық полицейлер үйдің кіреберісінде тұрған велосипедті қолды еткен азаматты анықтады

Талдау көрсеткендей, күн жылына бастаған кезде велосипед ұрлығының саны артады. Көбінесе көп пәтерлі үйлердің кіреберістері, қоғамдық орындар, дүкенге кірер алдындағы алаңдар, ойын алаңдары ұрлық орнына айналады.

Көбінесе велосипедтерін құлыптамай немесе арнайы сақтық құрылғыларын пайдаланбай қалдыратын иелердің немқұрайдылығын пайдаланады.

Мәселен, полицияға елорда тұрғыны жүгініп, белгісіз біреу үйдің кіреберісінде тұрған құны 200 мың теңге тұратын ВМХ велосипедін ұрлап кеткендігі туралы арызданған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлыққа қатысы бар қаланың 36 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ер адамның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас ұрлықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Астана қаласының полиция департаменті екі дөңгелекті көлік иелеріне қырағы болуды, өз мүлкінің сақталуына қатысты қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Құлыптар мен домофон ұрлық жасауға жол бермейді деген үмітпен велосипедтерді тұрғын үйлердің кіреберістерінде қалдырмаңыз. Егер сіз тіпті қысқа уақытқа кетсеңіз де велосипедті құлыппен бекітіңіз.

Сонымен қатар велосипедке арналған берік құлыптарды таңдаңыз. Егер сіздерде ұрлық орын алған жағдайда, дереу “102” арнасына хабарласыңыз.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: