20 мамырда еліміздің бес өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Сурет: unsplash
"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20 мамырда еліміздің бес өңірінде тұрақсыз ауа райы белең алатынын, атап айтқанда, найзағай жарқылдап, күн күркіреп, жел тұрып, жаңбыр жауатынын болжайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысының оңтүстігінде найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде солтүстік-шығыстан, шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Түнде облыстың солтүстік-шығысында топырақ беті қатып, сынап бағаны -1°C дейін төмендеп, үсік жүреді деп күтіледі.

Абай облысының Бесқарағай ауданында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысында жаңбыр жауады, күндіз таулы аудандарда қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, күн күркіреп, бұршақ түсуі де ықтимал. Алакөл ауданында оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с құрайды. Талдықорғанда да найзағай ойнап, күн күркірейді деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с болмақ.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Ақтауда 20 мамырда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Астанада шығыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай ойнап, күн күркірейді деп болжанады.

Өскеменде, Риддерде күтілетін қолайсыз метеожағдайларға байланысты екінші дәрежелі ҰМУ жайлы ескерту сағат 21:00-ге дейін жарияланады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Парламенттік реформа бойынша референдум қашан өтетіні белгілі болды

Бүгін "Қадір түні": Оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Қазақстанда спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру тәртібі бекітілді

Қазақстан экономикасы үшін маңызды белгі: инфляция төмендей бастады