Астанада жалға алған көлікті сатып жіберген алаяқ құрықталды

Сурет: ҚР ІІМ
Полицияға қала тұрғыны жүгініп, бейтаныс адам оған көлік сатуға уәде беріп, ақшасын иемденіп кеткені туралы арызданған.

Тергеу барысында “сатушы” оған Kia Rio автокөлігімен келіп, оны төмен бағамен сатып алуды ұсынғаны анықталды.

Төмен бағаға қызығып, ер адам көлік сатып алуға келісіп, оған кепілдік ретінде 3 млн теңге берген. Ақшаны алғаннан кейін, күдікті бір-екі күнде оның атына көлікті рәсімдеп, ақшаның қалған бөлігін алуға уәде берген, бірақ алдын-ала төлемді алып, жоғалып кеткен.

Алданып қалған сатып алушы полицияға жүгінген. Белгілі болғандай, күдікті көлікті бір аптаға жалға алып, пайда табу үшін кепілдікке ақша алып, көлікті сатпақшы болған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері елорданың 34 жастағы тұрғынын анықтады.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға қырағы болуды, бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды