Қостанай облысында кене шаққандар көбейді

Сурет: pixabay
Күн жылынғалы Қостанай облысында кене шаққан адамдардың қатары көбейген, деп хабарлайды Zakon.kz.

Соңғы бір аптада 37 оқиға тіркелсе, 1 айда 230-ға тарта тұрғын жәндіктерден зардап шеккен. Оның үштен бірі бала. Алайда мамандар бұл қалыпты жағдай деп отыр.

Сондықтан зиянкестерді улау жұмыстары жүргізілмейді. Тек оларды жинап арнайы зертханада жұқпалы індетке қарсы тексереді, деп жазады qazaqstan.tv.

"Бүгінгі таңда 12140 кене зерттелді. Барлық зерттеулер уақытында жүргізілді. Нәтижесі берілді. Соған сәйкес зерттелген кенелерден жұқпалы аурулар анықталған жоқ." Бауыржан Көпжасаров, «Ұлттық сараптама орталығы» МК Облыстық филиалы басшысы

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін