Павлодар облысында жол апатынан жасөспірім зардап шекті

Сурет: polisia.kz
Павлодар облысында жол апаты салдарынан жасөспірім зардап шекті, жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды, ал 14 жастағы баланың ата-анасына айыппұл салынды, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

25 мамырда Павлодар ауданы Мичурино ауылында 27 жастағы ауыл тұрғыны басқаратын Priora көлігі мотоциклмен соқтығысып қалды. Салдарынан 14 жастағы мотоцикл жүргізушісі зардап шекті.

Жасөспірім медициналық көмек көрсеткеннен кейін үйіне жіберілді.

Көлік жүргізушісіне қатысты жол-көлік оқиғасын жасағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Материал Павлодардың мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Полиция кәмелетке толмағанның ата-анасын ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 2-бөлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 2-бөлігі бойынша жауапқа тартты. 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ ювеналды полиция инспекторы жасөспірімнің ата-анасына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Материал сотқа жіберілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады