Атырау облысындағы екі ауылда кейінгі жылдары мүлдем қылмыс тіркелмеген

Сурет: polisia.kz
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Атырау облысының тұрғындарымен кездесуінде өңірдегі мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Соның бірі – жолдағы қауіпсіздік.

"Жол апаты салдарынан адамдардың қаза табу фактілері басқа деректерге қарағанда әлдеқайда көп. Біз жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша өз тарапымыздан қажетті шараларды жасап жатырмыз. Бірақ бұған көптеген факторлар әсер етеді: жолдардың сапасы, жүргізушілердің мәдениеті, көлік құралының жағдайы, жолаушыларды заңсыз тасымалдау". Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов

Осы орайда ол тұрғындарды сақ болуға, ал жергілікті билікті полициямен бірлескен шараларды күшейтуге шақырды.

Сонымен қатар министр Атырау облысында қылмыс деңгейінің 17%-ға төмендегенін хабарлады. Шара барысында ведомство басшысы соңғы жылдары қылмыс мүлдем тіркелмеген Ортақшыл және Орлы ауылдарын ерекше атап өтіп, көпшілікке үлгі етті.

Сұрақ-жауап кезінде тұрғындардың бірқатары аймақтағы есірткі айналымы алаңдатып отырғанын айтты. Атырау облысында 5,4 келі есірткі тәркіленді, оның негізгі бөлігі – "синтетика".

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді