Ауыл әкімі журналиске берген сұхбатынан кейін ауруханаға түсіп қалды

Сурет: видео скрині
Солтүстік Қазақстан облысы Астрахан ауылдық округінің әкімі Руслан Қабатов инсульт алып, ауруханға түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 26 мамыр күні кешке ауруханаға түскен. Мұны Қазақстан халықтық партиясы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының төрағасы Ерғали Жұмағұлов Facebook-те жазды.

Жұмағұловтың айтуынша, әкім аурухананың инсульт орталығында жатыр, жағдайы жақсарған.

Ерғали Жұмағұлов жазбасында ауруханаға түскен әкімнің жағдайы мен оның "Обожаю" бағдарламасының авторы Асхат Ниязовке берген сұхбаты арасындағы байланысты меңзеп, айыптаған.

Айта кетейік, 21 мамырда жарияланған бағдарламаның шығарылымында әкімдікте істейтін әйел журналиске мұнда еден жуатын әйелдің айына 20 мың теңгеге жалақы алатынын және қолғап пен жууға арналған заттарды өз ақшасына сатып алатынын айтқан. Ал еден жуушы журналистің бұл сұрағына жауап беруден бас тартты.


Атышулы сұхбаттан бірнеше күн өткен кейін Астрахан ауылдық округінің әкіміне қатысты қызметтік тергеу басталғаны хабарланды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

1 қарашада қай өңірлерде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Асыл Айтақын күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 1 қараша