Қызылорда тұрғынының үйінен аса ірі мөлшердегі есірткі мен қару табылды

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен және ҚР ІІМ Ұлттық ұланның "Бүркіт" АЖ бірлесіп Қызылорданың 29 жастағы тұрғынының үйін тексеріп, есірткі мен тапанша тапты, деп хабарлайды Zakon.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қала тұрғынының үйінен 4 сіріңке қорабына, 1 полиэтилен пакетке салынған өзіне тән иісі бар жасыл түсті шөп, 100 шағын пластик ыдысқа салынған сора өсімдігінің тұқымы және 11 оғы бар травматикалық тапанша, сондай-ақ кастет табылды. Тағайындалған сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген шөп тәріздес зат салмағы 1 келіден астам кептірілген марихуана болып шықты. Сонымен қатар тәркіленген травматикалық тапаншаның атуға жарамды екендігі белгілі болды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сурет: polisia.kz

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабымен ("Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу") және 287-бабының 2-бөлігімен ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру") сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтайды.

Сурет: polisia.kz

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: